Қазақстанда тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әзірленген "Рақымшылық туралы заң" аясында мың адам түрмеден шығады; Сарапшылар сөзінше, Қазақстан түрмелерінде азаптаудың бар екенін дәлелдеу қиын; Талибан қозғалысы Ауғанстан аумағында шетелдік валютаның бәріне тыйым салды.
3 қарашада мәжіліс "Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасау жөнінде" заң жобасын мақұлдады. қарастырады. Құжатты таныстырған ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзіне қарағанда, рақымшылыққа 2236 тұтқын мен пробация қызметіндегі 11 310 адам ілінеді. Қазақстанда қанша адам сотталған, қанша адам тергеу изоляторында? Елде қанша түрме бар?
Түркияның "Байрактар" әскери дроны туралы не белгілі? Түсіндіреміз.
Қазақстанда азық-түлік күн санап қымбаттап барады. Қарыз алған жұрт көп. Жанар-жағармай да қымбат. Жүк тасушылар шығын көбейіп, табыс азайғанын айтады. Үкімет бөлген миллиардтар бағаның шарықтауына неге тосқауыл бола алмай отыр?
Биыл Қазақстанда тауарлар бағасы кейінгі бес жылдағы рекорд көрсеткішке жетті.
Алматыда тіркелмеген "Ел тірегі" партиясы митинг өткізді. Жиынға ҚДТ белсенділері де қатысты; Диссидент Арон Атабектің ісін қайта қаратып, толық ақтау жөнінде бастама көтерілді; Қыркүйектен бері түрмеде отырған азаматтық белсенді Бағдат Бақтыбаевтың "шеге жұтқаны" хабарланды.
Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қарсылық білдірді. Оған оқушының өлімі себеп; Қазақстанда жыл сайын жүздеген оқушы суицид жасайды. Сарапшылар сөзінше, көбіне оған әлімжеттік түрткі болады;
Екі адам жараланған Пенжімдегі оқиға ұлтаралық жанжал ма, емес пе? Қазақтар мен өзге ұлт өкілдері арасындағы қақтығыстарды билік неге "тұрмыстық оқиға" деп қана атай береді? Қазақстан халқы ассамблеясы төрағалары неге үнсіз?
Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылында мектеп оқушыларының жанжалы кейін жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Әлеуметтік желіде Пенжімде тұрғын үй өртеніп, көліктер бүлінген деген ақпарат тарады. Облыстық полиция төбелес пен тәртіпсіздік фактісіне байланысты екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім елді мекенінде 27 қазанда оқушылар төбелесіп, соңы жанжалға ұласқан. Әлеуметтік желіде оқушылардың төбелесі мен "түнгі тәртіпсіздіктер" жөнінде видеолар тарады. Полиция ауыл мен айналасындағы елді мекендерге күзет қойған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлытау ауданына сапары "52 миллион теңгеге бағаланғаны" рас па? Билік адам құқығы жөніндегі уәкілдің құзіретін кеңейтпек. Бірақ оны презиент ұсынып, сенат тағайындайды. Жанболат Мамай қылмыстық іске түрткі болған сөзінен танбайтынын айтады.
"Көп балалы аналар қоғам тәртібін бұзып жүр" деген президент сөзімен биліктен көмек сұрап, наразылық білдіретін әйелдер келіспейді. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев халқынан ауру екенін жасырған.
Жансақтау бөлімінде жатқан диссидент Арон Атабектің комаға түсе беретіні хабарланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық білдіріп жүрген көп балалы аналарды айып, митингіге шығатындарға ескерту айтты. Асқар Мамин үкіметіне көңілі толмайтындар көп. Отставкаға кете ме?
Мәскеу метросында жолақыны Face Pay жүйесі арқылы төлей бастады. Адамды бет-жүзінен анықтайтын бұл жүйе жолаушыға ыңғайлы технология ма, әлде жеке мәліметті жаппай бақылауға алатын құрал ма?
1 қазанда түрмеден босап шыққан диссидент Арон Атабек жансақтау бөлімінде жатыр; Қазақстан үкіметі ұлттық қорға тағы қол салмақ. Ал премьер-министр Асқар Мамин журналист сұрағынан жалтарып, өзгенің артына тығылды; Қазақстанда Тәуелсіздік күнін 16 желтоқсаннан қазанның 25-іне ауыстыру ұсынысы айтылды.
Несие кешіруді талап етіп жүрген бірнеше адам Ұлттық банк ғимаратының алдында таң атырды. Түркістан қаласында жүзден аса жеке меншік балабақша иесі наразылық білдірді. Батыста Жайық өзені тартылып барады. Сырдарияның да суы азайған.
Кембридж университетінің зерттеуі бойынша, 2021 жылдың күзінде Қазақстан криптовалюта өндіруден әлем бойынша екінші орынға шықты.
Қару асынған тәліптермен Қазақстан билігінің адамдары суретке түсіп, кездесіп қайтты. Қазақстанда экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынған "Талибанның" өкілдері Нұр-Сұлтанға дос па, дұшпан ба?
1991 жылғы 25 желтоқсанда Совет одағының дәурені аяқталды. Одақ біртіндеп ыдырап, әлем картасында жаңа 15 мемлекет пайда болды. Кейбір сарапшылар СССР түбі бәрібір күйрейтін еді дейді.
Ұлттық банк ғимаратының алдына жатып алып, несие кешіруді талап еткен белсенділерді полиция ұстап әкетті; Маңғыстаудағы жұт әлі аяқталмады. Тұрғындар қолдағы малдың күн санап азайып бара жатқанын айтады; "Айлық азық-түлікке жетпейді" деген мұнайшылар президентке үндеу жолдады.
Тағы