- Қытайдағы туыстарын түрмеден босатуды сұрап жүргендердің 249-күнгі қарсылық акциясы; - Алматы іргесіндегі саяжайлар мектепке зәру. Жүздеген оқушы автобусқа сыймайды; - Норвегия тұрғыны көшедегі жұртқа садақ атып, бес адамды өлтірген
Қазақстан 20 қарашадан соң елде ревакцинация науқанын бастамақ. Үшінші қосымша доза жайлы не белгілі? Ревакцинация алмағандардың Ashyq қосымшасындағы статусы қандай болады? Денсаулық сақтау министрлігінен ресми жауап алдық.
Еуропарламент депутаты Нұр-Сұлтаннан барған депутаттармен кездескен соң Қазақстан шенеуніктеріне санция салу туралы тағы жазды; Қазақша сөйлеуді, құжаттың қазақша жазылуын талап ететін тағы бір белсенді істі болып жатыр.
Қазақстанда 1-30 қазан аралығында ұлттық халық санағы өтеді. Интервьюерлер үйме-үй аралап, халық арасында сауалнама жүргізеді. Ресми дерек бойынша, 6,4 миллионнан астам адам (халықтың 33,8 пайызы) сауалнама сұрақтарына онлайн жауап берген.
Нұр-Сұлтанда "Демпартия" белсенділері халықтың несиесін кешіруді талап етіп, тағы да наразылық білдірді; Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы президентке "Ақсақалдар кеңесін" басқаруды ұсынды; Ауғанстанда 400-ден астам мәйіт жерленген бірнеше "қабір" анықталды.
Билікті сынап, түрлі наразылыққа қатысып жүрген 13 белсенді сотталды. Кәмелетке толмаған балаларын кім асырайды? Қазақстанда вакцинасы жоқ адамдарды жұмыс орнына кіргізбеу туралы министрліктің бұйрығы алты күннен соң күшіне енеді.
Си Цзиньпин Тайваньды Қытайға "бейбіт жолмен қайта қосуға" уәде берді. Ал Тайбэй Қытайға бас имейтінін, демократиялық жолмен жүре беретінін мәлімдеді. Азаттық радиосы оқиғаның жай-жапсарын түсіндіреді.
Қазақстанда "экстремист қозғалыстарға" байланысты істі болып жатқан азаматтық белсенділер сотта соңғы сөзін айтты; 30 жыл бойы қызыл пасортпен жүрген қарияға Азаттық мақаласынан соң алты күнде құжат әзірлеп берді; Ресей мен Филипинде тәуелсіз ақпарат тарататын басылымдардың редакторлары Нобель сыйлығын иеленді.
"Пандора құжаттары" әлі ашылып жатыр. Назарбаев туралы кітап жазған ағылшын саясаткері оффшор жолмен қомақты қаламақы алған; Қымбатқа түскен кітапты кім оқыды? Азаттық сұрағына тұрғындар "Елбасының өмірі қызық емес" дейді.
Арон Атабектің өкпесі қабынған. "Қазақтың самурайымын" деген ол "соңына дейін күреспек"; Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрап Алматыдан астанаға келген топ Нұр-Сұлтан полициясына ұсталып, соттан айыппұл арқалап қайтып барады.
Ұлыбритания саясаткері Джоната Айткен 2009 жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мадақтайтын кітап шығарған. Офшордағы құпия келісімдерді әшкерелейтін "Пандора құжаттары" оның осы кітап үшін Қазақстан үкіметінен 166 мың фунт стерлинг алғанын көрсетті.
"Назарбаевтың үшінші әйелі" деген Әсел Құрманбаевамен серіктес компания Алматыдағы "Алатау" санаторийіне иелік етеді; "Пандора құжаты" зерттеуін Ақорда өкілі "бос сөз" деп атады. Ал жергілікті ақапарт құралдары тақырыпты айналып өтті.
Офшордағы құпияны әшкере етіп, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Пандора құжаттары (Pandora Papers) постсоветтік элитаның өз байлығын қалай жасыратынын көрсетті.
Expo көрмесінің әрбір бес жыл сайын келетін үлкен түрі 2020 жылы Дубайда өтуі керек болған. Бірақ коронавирус індетіне байланысты бір жылға шегерілген. Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласында өтіп жатқан көрмеге 190-нан астам ел қатысып отыр.
Қазақстан бірінші президентінің "тоқалы" офшордан 30 млн доллар табыс тапқан деп хабарлаған халықаралық зерттеуді әлеуметтік желіде азаматтар қызу талқыласа, ресми тұлғалар "бос сөз", "менің қатысым" жоқ деп жауап берді немесе тым-тырыс қалғанды жөн көрді.
"Билік адамдарының құпия байлығын әшкерелейтін "Пандора құжаттары" жарияланды. Зерттеуде Назарбаев пен Путиннің "жұмбақ тоқалдары" да айтылған; Бауыржан Байбек туралы зерттеу видеосын желіден өшірмеген Жанболат Мамай тағы жауапқа тартылды.
Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) жаңа зерттеуінде "Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми әйелі Әсел Құрманбаева офшордағы құпия келісімнен 30 миллион доллар пайда көрген" деп мәлімдеді.
Оралдық белсенділер митинг өткізуге 40 мәрте өтініш берген, бірақ жергілікті билік карантинге сілтеп, оның біреуін де мақұлдамаған. Белсенділер әрбір теріс шешімнен кейін жиынға келер адамның санын қысқарта берген, бірақ оның әсері болмаған. Енді олар әкімдікті сотқа беріп жатыр.
Грузияда 2 қазан күні жергілікті мәслихат депутаттары мен қала әкімдерін сайлады. Жікке бөлінген Оңтүстік Кавказ елінде билік партиясы да, оппозициялық күштер де жеңіске жеткенін мәлімдеп отыр. Сайлау кезінде алаяқтық жасалды дегендер бар.
Тағы