АҚШ Ресей-Украина соғысын тоқтату бойынша жаңа жоспар ұсынғаны хабарланды. Ол бойынша Украина біраз жерінен бас тартып, әскерін қысқартуы тиіс. Сарапшылар Украина «бұл шартқа көне қоймас» дейді. Екі тарап бір-бірін әуеден атқылап жатыр. Украинаның Тенополь қаласында қаралы күн.
Қазақ тілінде сөйлеуді талап етіп, істі болған блогердің жақтастары араша сұрап Астанада жүр. Қазақстандағы 20 аймақтың үшеуі ғана өз шығынын жаба алады. Қалған облыстар ортақ қазанға қол созады. Батыс басылымдары АҚШ Украинаны Ресейге жер беруге мәжбүрлеуі мүмкін екенін жазып жатыр.
Қазақстанда полиция тағы бір азаматтық белсендіні қамауға алып, үйін тінтті. "Проект медиа" жобасы экс-президент Назарбаевтың Мәскеудегі саяжайын анықтады. АҚШ конгресі қоғам талап еткен Эпштейн құжаттарын түгел жариялауға келісті.
АҚШ пен Ресей Украиндағы соғысты тоқтау үшін Киевсіз бейбітшілік жоспарын жазып жатқаны хабарланды. Ресей әскері Украинаның Тенополь қаласына шабуылдап, 10 адам қаза тапты. Покровск және Мирноград қаласы үшін соғысып жатқан Украина әскеріне тілшіміз барып қайтты.
Қырғызстанда қытай және қырғыз жұмысшылары арасындағы төбелес әлеуметтік желіде Қытайға деген наразылықты күшейтті.
Құрғақшылық қысқан Иранда енді тасқын болып жатыр Иранда кейінгі бес жылда болмаған ауыр құрғақшылық болған соң билік жасанды жолмен жаңбыр жаудыру әдісін қолданған. Осыдан соң елдің бірнеше аймағында су тасқыны болды.
Франция алдағы он жылда Украинаға «Рафаль» әскери ұшағының 100 данасын бермек. Бұл келісімге Украина президенті Владимир Зеленский мен Франция басшысы Эммануэль Макрон қол қойды. Бұл ұшақпен жақынырақ танысайық.
Қазақстанда маусымдық жұқпалы аурулар ауыр өтіп жатқанына шағынғандар көп. Вирус жұқтырғандар қызу оңайшылықпен түспейтінін, құрғақ жөтел қысып жатқанын айтады. Денсаулық сақтау министрлігі вирустық инфекция жұқтырудың тіркелуі былтырғыдан төмен екенін айтты.
Ресей түнде Украинаны зымыранмен және дронмен атқылады, Украина да қарымта жауап берді. Ал Франция Украинаны «Еуропаның алғы шебі» деп атап, 100 жойғыш ұшақ беретінін айтты, Кремль мұны «бейбітшілікке бастамайтын қадам» деп сипаттады.
Түркістан облысында үй өртеніп, ағайынды екі адамның отбасы түгел мерт болды. Қазақстанда тұмау жұқтырғандар көбейді. Адамдар дәрі-дәрмек іздеп әуреге түсіп жатыр. Бангладештегі наразылықта халыққа оқ атқызды делінген экс-премьер-министрді сот өлім жазасына кесті.
Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жекеменшік үй өртеніп, 12 адам қаза болды, тоғызы – кәмелетке толмаған бала. Өрттен қатты зардап шеккен үш адам аурухана жеткізілген. Бұлардың бәрі – бір әулеттің адамдары дейді ауылдастары. Үкімет өрт себебін анықтау үшін комиссия құрды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен сауда-саттық жасайтын елдерге қарсы санкция салуды көздейтін заң жобасын қолдайтынын мәлімдеді. Бұл тізімге Иран да кіруі мүмкін. Ал Украина Грекиямен сұйытылған газ тасымалы бойынша келісімге келді. Алғашқы тасымал желтоқсанда басталмақ.
Орталық Азия аймағының халықаралық аренадағы орны мен Орта дәліздің маңызы.
Қазақстанда Қытай туын өртеген акциядан соң қамалғандар 16 адамға жетті. Орталық Азия Одақ бола ма? Өзбек президенті бес елді біріктіретін қауымдастық құруды ұсынды. Жапония премьер-министрінің сөзіне шамданған Қытай қатаң мәлімдеме жасады.
Қазақстан билігі Ауғанстаннан келген, өзін "қандаспын" деп атайтын ондаған адамды қазақпыз деп жалған дерек ұсынған немесе қазақ екені дәлелденбеген деген уәжбен азаматтықтан айырған. Олар қазақ екенін алға тартып, істі қайта қарауды талап етеді.
Ресейдің шабуылынан жарық пен жылу жиі өшетін Украинада энергетика саласында жемқорлық шуы шықты. Ел президенті Владимир Зеленскийдің жақын досы Тимур Миндич пен министрлер, шенеуніктер «Энергоатом» компаниясынан ақша жымқырып отырған. Украинадағы бұл шуды түсіндіреміз.
13 қарашада Алматы облысында тіркелмеген «Атажұрт» ұйымының мүшелері наразылық акциясын өткізіп, Қытай туы мен ел басшысы Си Цзиньпиннің суретін жағып жіберген. Осы әрекеті үшін белсенділер қамалды.
Тағы