Accessibility links

Азаттықтың Венгр қызметі жұмысын тоқтатты


Азат Еуропа/Азаттықтың Венгр қызметі Венгрия халқына елде болып жатқан оқиғаларды тәуелсіз әрі дәл жеткізу мақсатында қайта ашылғаннан кейін бес жыл жұмыс істеген соң, 21 қарашада жарым түнде жабылды.

Аудиторияға бағыттап жазған үндеуінде Венгр қызметі журналистерінің "Венгриядағы аудиторияны тәуелсіз журналистикамен қамтамасыз ету үшін жанкештілікпен жұмыс істегенін" атап өткен.

"Біз оқырмандарымызға сенім артып, қызығушылық білдіріп, қолдағаны үшін алғыс айтамыз" деп жазылған хабарламада.

Венгр қызметі жасаған контент интернетте ашық болып қалады.

Азат Еуропа/Азаттық медиакорпорациясының президенті Стивен Капус Венгр қызметі журналистерінің жұмысын жоғары бағалады.

"Олардың кәсібилігі, адалдығы және миссиямызға қосқан үлесі жетістіктерімізге ықпал етті және біз оларға ұйымға қосқан үлесі үшін ризашылығымызды білдіреміз" деді ол.

Азаттықтың Венгр қызметі 2020 жылы АҚШ Конгресінің шешімімен қайта қалпына келтірілген еді. Оған дейін 1950-1993 жылдар аралығында істеген.

АҚШ ғаламдық медиа агенттігі (USAGM) 5 қарашада АҚШ Конгресіне Азаттықтың Венгр қызметін жабатынын ескерткен. Хабар таратуды тоқтату туралы шешім 2025 жылы 21 қарашада күшіне енді.

XS
SM
MD
LG