2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украинаға қарсы бастаған соғыс содан бері ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Дамыған елдер Ресейге санкция салды. Соғыс салдары Қазақстанға да қатты білініп отыр.